Алматыдан 167 км қашықтықта жер сілкінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 01:47-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 167 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.2. MPV магнитудасы – 4.1. Эпицентр координаттары – 42.31° с.е. 78.56° ш.б. Тереңдігі – 5 км. Сезілуі жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген кезекші оператор хабарламасында.


Фото: media.realitatea.net


Соңғы жаңалықтар