Алматыдан 248 шақырым жерде жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 11 қаңтар түнгі сағат 03:56 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Алматыдан 248 шақырым жерде жер сілкінді

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 248 шақырым жерде Қырғызстан шекарасында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.8 болса, магнитудасы MPV 3.9 ал тереңдігі 5 шақырымды құраған.