23:09, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыдан 264 км қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 18 қыркүйек 21 сағат 54 минут 17 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![None None](/static/img/plug.webp)
Зілзаланың ошағы Алматыдан 264 км қашықтықта, Қытай аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық қуаты 10,7. Магнитудасы MPV 4.8. бағыты 40.84° с.е. 77.19°ш.б. Тереңдігі 10 км.