14:18, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Алматыдан 305 шақырым жерде, ҚХР аумағында жер сілкінді
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ Сейсмологиялық стансасының жүйесімен бүгін алматы уақыты бойынша сағат 12.20-да жер сілкінді.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 305 шақырым жерде Қытайдың аумағында тіркелді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.8. Тербелісі - MPV 4.7. Зілзала 0-5 шақырым тереңдікте орналасты. Оның сезілуі жөнінде (МSК-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.