Алматыдан 330 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда сағат 12:50(Астана уақытымен) кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Алматыдан 330 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінді

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 330 шақырым жерде Қытай шекарасында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.8 болса, магнитудасы MPV 5.8, ал тереңдігі 5 шақырым.