Алматыдан 353 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы уақытымен таңғы сағат 7:41 минут 10 секундта «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 353 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Оның ошағы Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 353 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы –9,7, магнитудасы - MPV 4.0, 4.2, ал тереңдігі - 5 шақырым.

Жер асты дүмпулері сезілген жоқ.