10:16, 20 Қазан 2015 | GMT +5
Алматыдан 361 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінің хабарлауынша, 20 қазан күні сағат 08.15-те жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 361 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. Магнитудасы - MPV 4.2. Тереңдігі - 5 шақырым.
Жер асты дүмпуінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.