Алматыдан 363 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қараша күні Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 02:54-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 363 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.0, магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 10 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.