Алматыдан 370 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда сағат 21:37-де жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.

Алматыдан 370 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Тербеліс эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 370 шақырым жерде Қытай шекарасында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8 болса, магнитудасы MPV 4.2, ал тереңдігі 20 шақырым. Алматыда жер сілкінісінің дүмпуі сезілген жоқ.