Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінің хабарлауынша, 16 қазан күні сағат 20.24-те жер сілкінісі тіркелді.
None
None

Зілзала ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 376 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 9.5. Магнитудасы - MPV 3.5. Тереңдігі - 15 шақырым.

Жер асты дүмпуінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.

Соңғы жаңалықтар