23:03, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Алматыдан 402 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қараша күні Алматы уақыты бойынша сағат 20:46-да «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 402 шақырым жерде Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.6, магнитудасы - 5.0. Тереңдігі - 5 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.