12:28, 23 Қаңтар 2020 | GMT +5
Алматыдан 466 км қашықтықта жер сілкінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі 2020 жылдың 23 қаңтарында 10 сағат 52 минут 37 секундта зілзала тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зілзала ошағы Алматы қаласының оңтүстік-шығысында 466 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 10,7. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ» , - делінген ақпаратта.