Алматыдан 526 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК сейсмологиялық және тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалары жүйесінде 2016 жылдың 26 маусымында Алматы уақытымен 17 сағат 17 минут 05 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Алматыдан 526 шақырым қашықтықта  жер сілкінісі болды

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 526 шақырым қашықтықта  Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.8. MPV  тербелісі 6.5. Зілзала ошағының координаттары 39.24° с.е. 73.52° ш.б. Тереңдігі 15 шақырым. Сезілуі (МSК-64 бағанымен) Шымкент, Тараз қалаларында 3 баллды құраса, Алматыда 2 баллды құрады», - делінген хабарламада.