Алматыдан 557 шақырым қашықтықта 4,8 баллдық жер сілкінісі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 5 сәуір күні таңғы сағат 7:37-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: Getty Images

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 557 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,4.

MPV магнитудасы - 4,8.

Эпицентр координаттары - 40,72° солтүстікке қарай, 82,74° шығысқа қарай.

Тереңдігі - 5 шақырым.

Сезілгені туралы ақпарат жоқ.


Соңғы жаңалықтар