07:41, 31 Мамыр 2015 | GMT +5
Алматыдан 580 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 02:36 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 580 км жер сілкінісі болды. Бұл туралы «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ Сейсмикалық станса желісінен хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында болды.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 2,7. MPV тербелісі - 6,0. Тереңдігі 35 шақырым. Сезілуі туралы мәлімет (МSК-64 бағаны бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.