10:20, 08 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматыдан 76 шақырым жерде жер сілкінді
АЛМАТЫ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ-нің сейсмологиялық станса желісі 7 наурыз алматы уақыты бойынша сағат 22.53-те жер сілкінісі болғанын тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 76 шақырым жерде, Қазақстанның аумағында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.8. Магнитудасы - MPV - 4.5.
Жер сілкінісі 15 шақырым тереңдікте орналасты. Жерасты дүмпулері 2 балдық күшпен (МSК-64 шкаласы бойынша) Алматы облысының Ұзынағаш кентінде сезілді.