Алматыдан 93 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА.ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдан 93 шақырым қашықтықта сағат 08:44 кезінде жер сілкінді. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.

Алматыдан 93 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 93 шақырым жерде Қырғызстан шекарасында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.5 болса, магнитудасы MPV 3.9, ал тереңдігі 5 шақырым.

Алматыда жер сілкінісінің дүмпуі сезілген жоқ.