21:03, 28 Маусым 2016 | GMT +5
Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 530 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан 530 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында жер сілкінді.

«28 маусым күні Алматы уақытымен 18 сағат 43 минут 01 секундта (Гринвич бойынша 2016 жылғы 28 маусымда 12 сағат 43 минут 01 секундта) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 530 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,7. Тербелісі - 4,8. Зілзала кіндігінің координаттары 39.29° с.е. 73.31° ш.б. Тереңдігі 0-5 шақырым. Сезілуі (МSК-64 бағанымен) туралы ақпарат жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінің хабарламасында.