Алматыдан оңтүстікке қарай, Қытай аумағында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 шілде күні Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 07.07-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан оңтүстікке қарай, Қытай аумағында жер сілкінді

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 640 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14,1 магнитудасы - 6,6. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.