Алматыға әлемге танымал бестселлер-фильм «The Secret»-тің авторы Джон Демартини келді

күйектің 11-і. ҚазАқпарат /Маржан Кеңесбай/-      Бүгін Алматыға «ACGPRO» компаниясының қолдауымен әлемге танымал бестселлер-фильмі «The Secret»-тің авторы Джон Демартини келді,

Алматыға әлемге танымал бестселлер-фильм «The Secret»-тің авторы Джон Демартини келді

 деп хабарлайды Қазақпарат.

Джон Демартини - философия ғылымдарының докторы, көптеген кітаптардың авторы, халықаралық танымал спикер. «Жылдың мануалды терапевті» атағына ие. Оның трансформация әдісі мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды. Сонымен қатар, оның есімі бизнес саласында да қалыптасып үлгерген. Демартини жеке тұлғалар мен ұйымдардың мүмкіндігін кеңейтумен айналысуды мақсат тұтқан екі үлкен Институттың негізін қалаған. Сондай-ақ оны әлемнің алпауыт компаниялары мен алып корпорациялары - IBM, Tenneco, AARCO, Shel Oil Company, Arcis, Merrill-Lynch, Assante. Ameritime, Оңтүстік Африка радио хабарларын тарату корпорациясы (САБК) оның дәрістерін тыңдауға жиі шақырып тұрады.

«Мен әлемнің 87елін араладым. Бұл менің Алматыға алғаш келуім. Мені алматылық әріптестерім тәжірибе алмасуға шақырып отыр. Бұл жерде бизнес бойынша белгілі кеңесші, әйгілі бестселлерлердің авторы Джон Ассараф екеуміздің қатысуымызбен семинар өтеді. Біз бұл семинарда осы уақытқа дейін жиып-терген біліміміз бен тәжірибемізді қазақстандық әріптестерімізбен бөліспекпіз»,- дейді Джон Демартини. 

Әлемге белгілі қос тұлға 12-ші және 13-ші қыркүйекте оңтүстік астанада семинар өткізеді.