Алматыға Қытай жүк көлiктерiнен келер зиян орасан болып тұр
деп жазады «Алматы ақшамы» басылымы.
Әрбiр тiрлiктен пайда iздеген бүгiнгi заманда ортақ мүдде, отан қамы тасада қалып барады. Бiр жағы Қытай, келесi көршiмiз Қырғызстан болып тұрған Алматы облысы бүгiнгi «Жiбек жолы». Ал, Алматы қаласы қай кезде де сауда орталығы болған ең iрi мегаполис. Шаһарда елiмiздiң ең көп құрылыс алаңдары да шоғырланған. Нарық заманындағы осынау алып құры лыстар мен сауда-саттықты жүргiзуге керектi жүк көлiгiнiң 90 пайызы қытайлық мәшинелер бүгiнде. Әрi арзан, әрi жүк тасымалы отандық мәшинелерден 2-3 есе артық қытай техникасы кәсiпкерлер үшiн тиiмдi болып тұр. Бiрақ, қытайлықтың аты - қытайлық. Техникалық тұрғыда еш кепiлдiк жоқ. Жуырда ғана болған қала ортасындағы жан түршiгерлiк жол апаты сөзiмiзге дәлел. Жүргiзушiсi игере алмаған алып көлiк бiрнеше алматылықтың өлiмiне себеп болды.
Осыдан 5-6 жыл бұрын Достық даңғылы жолындағы автобус пен аялдаманы жапырып, бiрнеше адамды о дүниеге жiберген де қытайлық жүк көлiгi болатын. Таулы жерде орналасқан Алматыға қытайлық ауыр жүк мәшинелерiн кiргiзбеу туралы мәселе көтерiлген сол кезде. Бiрақ, ол аяқсыз қалды.
Жалпы, қаламыз ауыр қытай жүк көлiктерiнен тек қана зиян келiп тұр. Бiрiншiден, техникалық жағдайы сын көтермейтiн көлiктер өте ауыр. Жүк тасу мүмкiншiлiгi 20 тоннадан 40 тоннаға дейiн. Бұл - қала жолдарының бұзылуының бiрден-бiр себебi. Екiншiден, онсыз да экологиялық жағдайы қиын қаламыздың ауасына қытай көлiктерiнiң газы қосылып отыр.
Қалай болғанда да метро салып, жолай рықтар тұрғызып, зиянды кәсiпорындардың жұмысын шектеуге тырысқан қала әкiмдiгiнiң еңбегiн қытай жүк көлiктерi еш етпесе екен.