Алматылық 38 ардагер «Белоруссияның неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 65 жыл» медалімен марапатталды
trong>Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Маржан Кеңесбай/ - Бүгін Алматыда Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев Беларус елін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысқан 38 соғыс ардагеріне Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенко жолдаған естелік медальдарды табыс етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күн ерекше тарихи маңызды күн. Өйткені, Беларус Республикасының үкіметі Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларус жерін неміс басқыншыларынан азат етуге бағытталған ірі «Багратион» әскери операциясына қатысқан жерлестеріміздің ерен ерліктерін ұмытпай, естелік медальдарын жолдап отыр. Ал біз - жас ұрпақ сіздердің ерен еңбектеріңіз бен табанды еңбектеріңізді еш уақытта ұмытпаймыз!», - дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев.
Жалпы қазіргі таңда Әуезов ауданында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 605 соғыс ардагері және 5272 тылда еңбек атқарғандар бар. Олардың 95-сі Беларус жерін неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысқан майдангерлер.