10:29, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматылық баскетболшылар қапшағайлық құрдастарының осал тұсын таба алмады
АЛМАТЫ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда баскетболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан чемпионатының 57-ші матчы өтті.

«Достық» спорт кешенінде «Алматы» мен «Қапшағай» баскетболшылары арасында өткен сайыс 69:75 есебімен аяқталды. Бүгін олардың екінші кездесуі өтеді.
Қазір Игорь Тихоненко жаттықтыратын алматылықтар турнир кестесінде 22,2 пайыздық ұпай көрсеткішімен ең соңғы - алтыншы орында тұр. Ал Алматы облысының баскетболшылары 27,8 пайыздық көрсеткішпен 5-ші сатыға жайғасты. Олардың алдында Қостанайдың «Тобыл» (31,6 пайыз), Ақтаудың «Каспий» (55 пайыз), Атыраудың «Барыс» (70,6 пайыз) және Астананың «Астана» (94,4 пайыз) командалары келеді.