Алматылық кәсіпкер ресейлік өндірушілермен бәсекеде инфляциялық таргеттеудің тигізетін септігі туралы айтып берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы электромеханикалық зауытының директоры Жанділлә Ілиясов ҚР Үкіметі қабылдаған жаңа валюталық саясаттың отандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін қалай арттыратынын айтып берді.
None
None

«Ресейде рубль жай құлаған жоқ, үлкен қарқынмен құлады. Ресей тауарлары теңгеге шаққанда арзан боп шықты. Ресейлік өндірушілердің қоймасында бұрынғы бағамен алынған шикізаттар, тауарлар қалып кеткен. Сол материалдар біткен соң, жаңа материал сатып алғанда олар қымбатқа алады. Сөйтіп нарыққа жаңа бағамен шығады. Сонда біркелкі бəсекеге шығамыз. Шамамен жарты жылда бағалар теңесіп қалады», - деді кәсіпкер. Оның айтуынша, аталған зауыттың 2015 жылдың басынан бергі экспорт көлемі 6 есеге азайып кетті. «Зауыт өнімдері Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдеріне экспортталады. Бірақ биыл экспорт бойынша жұмыс тоқтатылып тұр. Теңге бағамының өзгеруінен соң экспорт жұмысы қайта жаңғырады деген үміттеміз. Биылғы коррекция болмағанда, экспорт мүлде тоқтап қалар еді», - деді Ж.Ілиясов.

Соңғы жаңалықтар