Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматылық «Қайрат» футбол клубының қарсыласы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының плей-офф сынында Францияның «Бордо» футболшыларымен кездеседі.

Алматылық «Қайрат» футбол клубының қарсыласы анықталды

Бұл туралы бүгін UEFA-ның жеребе тарту рәсімінде белгілі болды.

Еске салайық, бұның алдында «Қайрат бірінші іріктеу кезеңінде «Црвена Звезданы» жолынан ығыстырса, екінші кезеңде «Алашкерт» клубынан басым болды. Үшінші кезеңде шотландиялық «Абердин» командасын тізе бүктірді.