Алматылық оқушылар бірнеше жыл қатарынан республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда бірінші орында келеді - А. Есімов

АЛМАТЫ. 22 маусым. ҚазАқпарат - Алматыны бұдан да көрікті және өмір сүруге  қолайлы етіп, өркендетуге өз білімдеріңіз бен күштеріңізді жұмсауға мүмкіндік мол.

Алматылық оқушылар бірнеше жыл қатарынан республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда бірінші орында келеді - А. Есімов

Бұл пікірін қала әкімі Ахметжан Есімов кеше, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен мектеп бітіруші түлектердің «Жас түлек» фестивалінде айтты.

«Біздің қалада бүгін 7 899 оқушы мектеп бітірді. Оның 136-сы оқуды «Алтын белгімен», 62-сі ерекше белгімен аяқтады. Әкімдік 23 түлекке жоғары оқу орнына түсуге білім грантын беріп, оған 14 миллион теңге қаржы бөлінді. Біздің қала Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша бірінші орын алды. Сондай-ақ, 7 жыл қатарынан республикалық олимпиадаларда, 10 жыл қатарынан республикалық ғылыми  жарыстарда бірінші орында келе жатыр», - деді А. Есімов.

Шахар басшысының айтуныша, Алматы - еліміздің экономикалық және қаржы орталығы. Алматы - республикалық бюджеттің ең ірі доноры. Алматы - ғылым мен білімнің, мәдениет, спорт және туризмнің орталығы. Оны жастар әрдайым мақтан тұтып, қай қалада, қай елде жүрмесін мақтан етіп жүруі керек. Аға буын өз міндетін абыроймен орындады, енді оны ары қарай жалғастыру жас ұрпақтың өз қолында.