Алматылық тәртіп сақшылары Түркияның 40 жастағы азаматына жасалған шабуылдық әрекетті әшкереледі

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Алматылық тәртіп сақшылары Түркияның 40 жастағы азаматына жасалған шабуылдық әрекетті әшкереледі. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық бифингте Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, аталмыш қылмыс Алматыда желтоқсан айының соңында жасалған. Полиция қызметкерлерінің киіміндегі белгісіз үш азамат құжаттарын тексереміз деген желеумен түркиялықты дәмханалардың бірінің алдынан тоқтатып, тапаншамен қорқытып, көлікпен Алматы облысының сыртына алып шыққан. «Олар Түркия азаматынан 10 мың доллар мен 300 мың теңгені алған соң іздерін жасырған. Аталмыш әрекетке кінәлі деген күдікпен 3 Алматы тұрғыны ұсталып, олардан полиция киімдері мен тартып алынған ақшаның біраз бөлігі қайтарып алынды»,-деді департамент бастығы.

Соңғы жаңалықтар