Алматылық волейболшы қыздар ел чемпионатында қарсылас шақ келтірмеуде

АЛМАТЫ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Волейболдан жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында Алматы қаласының «Алматиночкасы» Қазақстан чемпионатының 3-ші турында да жеңістер сериясын жалғастыруда.

Алматылық волейболшы қыздар ел чемпионатында қарсылас шақ келтірмеуде

Астанада 13 ақпан күні басталған бұл сайыста бүгін олар Оңтүстік Қазақстан облысының «Қазығұрт» командасымен кездесуде. Олар бұған дейінгі 2 турда қарсыласын 3:1 есебімін ұтқан болатын. Ертең енді 3-ші турдың ақтық ойынын бұған дейін 2 мәрте 3:0 есебімен ойсырата ұтқан Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш и К» командасымен өткізбек.

Қазір 13 кездесуден кейін 39 ұпаймен алматылық қыздар турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді берік ұстауда. Одан кейінгі орындарға сәйкесінше 28 ұпаймен «Қазығұрт», 23 ұпаймен «Қуаныш и К», 12 ұпаймен «Жетісу-2» (Алматы облысы), 11 ұпаймен «Оқушылар сарайы» (Астана қаласы) және 4 ұпаймен «ЦСКА-ВКС-КазАСТ» (Алматы қаласы) орналасты.