Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатында жеңіліссіз келеді

АЛМАТЫ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Иранның Тегеран қаласында волейболдан өтіп жатқан ерлер командалары арасындағы XIV Азия чемпионатының плей-офф кезеңі аяқталады.

Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатында жеңіліссіз келеді

Онда ел намысын қорғап жатқан Геннадий Паршин жаттықтыратын Алматы қаласының "Алматы" командасы жеңіліссіз келеді. "Д" тобында өнер көрсеткен олар омандықтарды («Saham»)- 3:1, Жапония («Toyoda Gosei Trefuer») мен Мальдивтің волейболшыларын 3:0 есебімен жеңген болатын. Одан кейін плей-офф кезеңінде "В" тобында 1-2 орын алған Катардың «Al-Rayyan» мен Ирактың «South Gas Club» командаларымен «F» тобында жұп құраған еді. Кеше алғашқы сындаирактықтарды 3:2 есебімен ұтты. Бүгін енді жапондықтардан 3:1 есебімен басым түскен катарлықтармен кездеседі. Көш бастап келе жатқан "алматылықтар" өз орнын сақтап қалатын болса ширек финалда "Е" тобында төртінші орын алған командамен кездесетін болады.