Алматылықтар Астана күнін атап өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін алматылықтар Астана күнін атап өтті.

Алматылықтар Астана күнін атап өтті


Алматыдағы Республика алаңында елорда күніне орай мерекелік концерт қойылды. Сахнаға шыққан қазақстандық эстраданың жұлдыздары екі сағат ішінде  өнер көрсетті. Олардың қатарында Жәмила Серкебаева, «GS» гитарашылар дуэті, Зарина Омарова, Тұрар Рақымберлин, Жанна Орынбасаровалар болды. Алматылықтарды «Ligtbend», «Аюми», «Мистерионс» топтары, сондай-ақ Зируза, Кентал және басқа да өнерпаздар жиналған қауымды тәнті етті.

Өнер жұлдыздары «Астана», «Қазақстан»,  «Астана - Алматы», «Алматыға келіңдер», «Айналайын», «Көңіл ашар», «Туған ел», «Асыл әнім», «Бәрі тамаша» және басқа да әндерді шырқады.

«Былтыр Астана күніне орай өткізілген концертке бара алмап едім. Алайда мен алаңға келіп, адамдардың ортақ қуанышын, мерекелік көңіл күйді бөлісуге әзірмін. Осы мерекелік концерттен кейін отбасымыздың ортасында той әрі қарай жалғасады», - деді Людмила Науменко.

Еске сала кетсек, жыл сайын елімізде Астана күні аталып өтеді. Бүкіл ел аумағында биыл 19 жылдығын атап өтіп жатқан елорда күніне орай мерекелік концерттер қойылады.