Алматылықтар Астана күнін мерекелік концерттермен атап өтуде

"Астананы көру әрбір қазақстандықтың арманы. Теледидардан көріп, елден естіп жатырмыз. Бала-шаға аман болса бұл арманымыз да жүзеге асатыны күмәнсіз. Біздің де оны көретін күніміз алда деп ойлаймын. Алдымызда әлі де көп белестер бар. Оған қол жеткізу үшін заманымыз тыныш болып, береке-бірлігіміз бұзылмасын. 130-дан астам ұлт пен ұлыстың басын қосқан қазанымыз төгілмесін, құт-береке шашылмасын", дейді зейнеткер Рысхан Бастаубаева. Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылында 35 жыл мұғалім боп жұмыс жасаған ардақты ұстаз бұл мерекені тойлауға замандасы Мәрфия Әділхановамен бірге келген екен. "Мен де сол ауылда 40 жыл мұғалым болып жұмыс істедім. Бала-шағам қазір Астанада тұрады. Астананың көркейіп, гүлденіп жатқанын естіп, біліп жатырмыз. Астана қазір еліміздің айнасы болып отыр. Ондағы әрбір жаңалыққа біз қуанып отырамыз. Мәселен кешегі Хан шатыр соның нақты айғағы", дейді М. Әділханова.