Алматылықтар Конституция күнін Абай алаңында атап өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Конституция күнін алматылықтар Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында, 30 тамыз күні атап өтеді. Салтанатты кешке Ресей әншілері мен Қазақстанның эстрада жұлдыздары қатысады. Бұл туралы Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Алматы телеарнасының сайтында.
None
None

«Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі қызықты. Екі сағатқа жуық сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Ресейден - Санкт-Петербург қаласынан келген мүйіз аспаптар оркестрі өнер көрсетеді, олар мерекенің шырайын келтіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды».

Естеріңізге сала кетсек, 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда осы күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл күн - мемлекеттік мереке - Конституция күні, биыл біз оның қабылданғаннан бергі 19-жылдығын тойлаймыз.

Соңғы жаңалықтар