Алматылықтар Конституция күнін кеңінен атап өтеді
деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Таңертеңгі сағат 8.30-да Әл-Фараби және Достық даңғылдарының бұрышында веложарыс сөреге шығады, оған қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Ал дендробақ аумағында алғаш рет «демалыс күнгі жолбағыттар: велосипед жолы, скейтборд және роллер жолдары жұмыс істей бастайды.
10,30-да Астана алаңында мерекелік бағдарлама басталады. Оның ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысады. Мереке бағдарламасында - театрландырылған қойылым, мерекелік шеру, республикамыздың елордасынан әскери шеруді тікелей эфирде көрсету, сондай-ақ ұлттық мәдениет орталықтары мен өнер шеберлерінің концерті бар.
Сағат 20,00-да Астана қаласында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жастар дискотекасы басталады және мерекелік отшашу беріледі.