Алматылықтар Жаңа жыл мерекесін қарсыз қарсы алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жаңа жылда қар жаумайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар Жаңа жыл мерекесін қарсыз қарсы алады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 26 желтоқсан күні қалаға ылғал қар түседі.

«31 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні 5 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-ден 5 градус аяз, күндіз 5 градус жылы болады», - деп хабарлады метеорологтар.

Синоптиктердің айтуынша, мұндай жылы желтоқсан осыдан 10 жыл бұрын – 2011 жылы болған.

«Алматыда желтоқсан айындағы жауын-шашын нормасы - 42 мм. Қазір қалада ауа температурасы -5-10 градус аяз. Күндізгі температура 0-ден 5 градусқа дейін жылы», - деп қосты Қазгидрометтен.

Мамандардың болжамынша, жағдай келесі жылдың қаңтарында өзгереді, нормадан артық жауын-шашын болуы мүмкін.

«Қаңтарда жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде - 33 мм болады деп болжанып отыр. Жаңа жылдың бірінші айында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады»,- деп атап өтті синпотиктер.