Алматылықтар жолдың жабылуы туралы telegram арқылы біле алады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қала әкімдігі Алматыдағы жолдың жайына қатысты жаңа ақпараттық ресурс ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Telegram платформасында Almaty_Joly жаңа арнасы пайда болды. Онда аудандық маңызы бар көшелер мен магистральды жолдарды жөндеу кезіндегі қаладағы көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы барлық ақпарат жиналған. Арнадағы мәліметтер қалалық мобильділік басқармасы берген өзекті деректер негізінде жазылады», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Бұған қоса, Алматы әкімдігі 2ГИС сервисі арқылы қала тұрғындарын жол жөндеу жұмыстары жайлы құлақтандыруға қол жеткізді. Қосымшадан пайдаланушылар қаладағы жабылған көшелер мен жол жұмыстарын біле алады.

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтар туралы соңғы ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында да жарияланады.

Еске салсақ, биыл Алматыда ұзындығы 200 шақырымнан асатын 230 көшені орташа жөндеу жоспарланған. Өткен жылы 210 көшені жөндеу жүзеге асырылды.


Соңғы жаңалықтар
telegram referendum