Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыны тік тұрғызған қылмыскер судья мен прокурорлардан кек алуды көздеген - ҚР ІІМ басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 шілде күні Алматы қаласында атыс бастаған Руслан Күлікбаев судья мен прокурорларды өлтіруге әрекеттенген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

Алматыны тік тұрғызған қылмыскер судья мен прокурорлардан кек алуды көздеген -  ҚР ІІМ  басшысы

«Қолға түскен Күлікбаев Руслан бұрын екі рет сотталған, әртүрлі түзету мекемелерінде жазасын өтеген. Ол ұрлаған қаруды оқиға орнынан таптық, өкінішке қарай, бес адам қаза тапты. Ал мен осы кеңеске келе жатқанда, сағат 14.00 шамасында тағы бір полицей алған жарақатынан көз жұмды. Ал ұсталған қылмыскерге операция жасалды. Ол адвокаттың көзінше құқық қорғаушылардан, оның ішінде судья мен прокуратура қызметкерлерінен, арнайы қызмет пен полициядан кек алғысы келгенін мәлім етті. Осылайша, кеше ол бірінші кезекте судьялар мен прокуратура қызметкерлерін өлтіргісі келген»,-деп мәлім етті Қалмұханбет Қасымов.