Алматының 23 ықшамауданы ауыз сумен қамтылады

Биыл жыл соңына дейін Жетісу, Түрксіб, Медеу, Алатау және Наурызбай аудандарының ықшамаудандарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады. 10 ықшамаудан сумен толық қамтылатын болады.
Атап айтқанда,
1) Кемел ықшамауданы, Жетісу ауданы;
2) Әлмерек ықшамауданы, Түрксіб ауданы;
3) Көлсай ықшамауданы, Медеу ауданы;
4) Жайлау ықшамауданы, Наурызбай ауданы;
5) Таужолы ықшамауданы, Наурызбай ауданы;
6) Тастыбұлақ ықшамауданы, Наурызбай ауданы;
7) Алғабас ықшамауданы, Алатау ауданы;
8) Қарғалы ықшамауданы, Наурызбай ауданы;
9) Құрамыс ықшамауданы, Наурызбай ауданы;
10) Нұршашқан ықшамауданы, Түрксіб ауданы.
Қазір Алатау, Наурызбай және Медеу аудандарының 5 ықшамауданында сумен жабдықтау көздерінің құрылысы жүріп жатыр.
2021 жылдың соңына дейін келесі ықшамаудандар сумен қамтылатын болады:
1) Боралдай ықшамауданы, Алатау ауданы;
2) Шұғыла ықшамауданы, Наурызбай ауданы;
3) Акжар ықшамауданы, Наурызбай ауданы;
4) Тасты үстірт (Каменское плато) ықшамауданы, Медеу ауданы;
5) Мұзтау ықшамауданы.
Бұларға қоса, тағы 8 ықшамауданды сумен қамтамасыз ету жөніндегі жоба әзірленіп жатыр.
2022 жылға қарай мына ықшамаудандар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі:
1) Рахат-Мәдениет ықшамауданы, Алатау ауданы;
2) Теректі ықшамауданы,Алатау ауданы;
3) Нұрлытау ықшамауданы, Бостандық ауданы;
4) Карағайлы ықшамауданы, Наурызбай ауданы;
5) Сұлусай ықшамауданы, Медеу ауданы;
6) Кеңсай ықшамауданы,Медеу ауданы;
7) Жас қанат ықшамауданы, Түрксіб ауданы;
8) Таусамалы ықшамауданы, Наурызбай ауданы.
Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінде суды дайындайтын және тазартатын станция салынып жатыр. Сонымен қатар, Үкіметтің қаулысымен Іле-Алатау ұлттық паркінің 16,6 га көлеміндегі жерді Ақсай өзеніндегі су жиналатын нысанға беру туралы шешім қабылданған еді.
Қала шетіндегі ықшамаудандарды сумен қамту жөніндегі жобаларды іске асыруға 18 миллиардтан астам теңге бөлінді.
«Шетсіз қала» қағидаты «Жаңа Алматы» кешенді жоспарын іске асыру барысында 23 ықшамаудан сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.