Алматының Алатау ауданында 150 мың шаршы метрлік қолжетімді тұрғын үй кешені салынады - Б. Байбек

«Қазіргі таңда Алатау ауданында 200 мың адам өмір сүреді. Ал 2020 жылға қарай, мұнда тұрғындардың саны 257 мыңға жететін болады. Бүгінде 12 мың орындық Мұз сарайын салып жатқан «Базис-А» құрылыс компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында осы маңайда ауданы 150 мың шаршы метр болатын жаңа тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр. Бұл тұрғын үй кешенінің әрбір шаршы метрі - 220 мың теңгеге бағаланып отыр. Яғни, бұл 3-4 санаттағы нағыз қол жетімді тұрғын үй болады. Ал, Алатау ауданы 2020 жылға қарай Алматы қаласының маңызды орталықтарының біріне айналады», - деді Б. Байбек.
Айта кетелік, бүгінгі шараға жергілікті және аймақтық мемлекеттік органдардың басшылары, белгілі спорт жұлдыздары және спорт, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтандыру және сауда саласында қызмет атқаратын бизнес субъектілерінің жетекшілері қатысып, спорт нысандарының әлеуетімен танысты.