Алматының балалар үйінде қайырымдылық мерекесі өтеді
АЛМАТЫ. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласының №2 Балалар үйінде қараша айының 26-сы күні «Балалар үшін жақсылық жасайық!» атты қайырымдылық мерекелік шаралар өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайырымдылық мерекеге Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері, балалардың құқығын қорғау комитеті, еріктілер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысады.
Мерекелік шарада концерттік думан-бағдарламалар, әр түрлі ойындар, мерекелік дастархан ұйымдастырылмақ.