Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматының базарлары мен сауда үйлерінде салық төлеушілерге арналған терминалдар ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының базарлары мен сауда үйлерінде салық төлеушілерге арналған арнайы терминалдар ашылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматының базарлары мен сауда үйлерінде салық төлеушілерге  арналған терминалдар ашылды

«Салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін Алматы қаласының базарлары мен сауда үйлеріне арнайы терминалдар орнатылып жатыр. Енді салық төлеушілер жұмыс істеп жатқан жерінен-ақ Ф.911.00 және 910.00. формадағы салық есептемелерін электронды нұсқада жібере алады», - делінген хабарламада.

Әзірге терминалдар Әуезов ауданындағы "Тигрохауд", "Арыстан", Жетісу ауданындағы "Алатау","Байсат", Түркісіб ауданындағы "Сапар", Медеу ауданындағы "ЦКР" және Алатау ауданындағы "Кенжехан" базарлары мен "Рәш", «КарСити","Қарқара","Мерей", "Адем", "Сымбат", "Стройсити" сауда үйлеріне орнатылды.

Терминалдарды басқа базарлар мен сауда үйлеріне орнату жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Айта кетелік, 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығы мен екінші тоқсанының есептемелерін тапсыру мерзімі 17 тамызда аяқталады. Сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары мен терминалдардың жұмысы кешкі сағат 20:00-ге дейін ұзартылды. Ал сенбі күндері түскі үзіліссіз сағат 16.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.