Алматының ең қауіпті жолында көлік әжені қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы әл Фараби көшесінде көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
None
None

Жол апаты әл Фараби көшесінің Науаи көшесімен қиылысы тұсында орын алған. Жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болып, «Мазда» көлігінің астында қалды.
null

Куәгерлердің айтуынша, ол 1931 жылы туған әже болған. Қазір оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылды.
null

Егде адамның қауіпті аймақтан не үшін өтпек болғаны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар