Алматының инфекциялық стационарларында қанша адам емделуде

Алматы әкімі И.Жекенова атындағы Жұқпалы аурулар ауруханасының филиалына барды.
Мұнда коронавируспен ауыратын 199 емделуші бар. Стационарда 500 төсек болса, оның 45-і реанимация және қарқынды терапия бөлімінде.
№ 12 және 7 қалалық клиникалық ауруханаларында Б.Сағынтаев КВИ жұқтырғандарды қабылдау қалай жүргізілетінін білді. Бас дәрігерлер ковид бөлімшелерінің жұмысы жалпы медициналық көмек көрсетумен қатар жүргізілетінін айтты. Қазіргі таңда ковидтік стационарларда 9 340 төсек-орын бар, оның 3 310-ы бос емес, резервте 6 030 орын бар.
Қала әкіміне Орталық қалалық клиникалық ауруханалар базасында ашылған Телемедицина орталығының жұмысы туралы да баяндалды. ТМО мамандарының бақылауында 10 188 пациент бар. Бұл сан ағымдағы жылдың 1-20 қаңтар аралығында 20 есе өскен.
Сондай-ақ КВИ-ді емдеу бойынша ұсынымдар беру үшін емделушілерге күніне орта есеппен 5 мың қоңырау шалынады. 20 қаңтарда 8 458 қоңырау соғылып, науқастардың жағдайы сұралды.
Бұдан бөлек, Бақытжан Сағынтаев №7 аурухана базасында орналасқан КВИ-ға қарсы вакциналардың қалалық қоймасына барды. Қойма мен егу пунктерінде Sinopharm вакцинасының 207 733, QazVac вакцинасының 176 349, Pfizer препаратының 254 782 дозасы бар.