Алматының «Қайрат» клубы футзалдан 2009 жылғы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алматының «Қайрат» клубы футзалдан 2009 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды,

Алматының «Қайрат» клубы футзалдан 2009 жылғы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қарағандыда өткен 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыстағы «төртеудің финалында» ел чемпионы - «Қайрат» командасы жартылай финалда Қарағандының «Грейс+» клубын жеңді. Ал, ақтық сында тағы бір қарағандылық клуб «Тұлпардан» басым түсіп, Кубокты  жеңіп алды. Үшінші орынды Астананың «Ұшқын-Искра» командасы еншіледі. Ол «Грейс+» клубынан 2:1 есебімен басым түсті.

Футзалдан 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін болған жарыстың «үздік ойыншысы» болып «Қайрат» шабуылшысы Катата танылды. «Тұлпар» ойыншысы Михаил Першин 7 гол соғып сұрмерген атанса,  «Ұшқын-Искра» командасының ойыншысы Владимир Ковган «үздік қорғаушы», ал «Грейс+» командасының қақпашысы Виктор Зайковский «үздік қақпашы» атанды.