Алматының «Қайрат» мини-футбол командасы клубтық Әлем біріншілігінде кезекті жеңісіне қол жеткізді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының «Қайрат» мини-футбол клубы Бразилияның Эрешим қаласында өтіп жатқан клубтық Әлем біріншілігінде өзінің үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы бүгін аталған футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Үшінші мачта Алматының «Қайраты» Канаданың «Торонто» командасымен кездесті. Тартысты өткен ойында жерлестеріміз айқын басымдылық танытып, канадалықтарды 5:1 есебімен тізе бүктірді. «Қайрат» командасының сапында Жеи үш доп соғып хет-трик жасаса, Дуглас пен Лукаян бір-бір голдың авторлары атанды. Ал канадалық команда сапында Куинтанилла гол салып көзге түсті. Голдар бірінші таймда салынды. Екінші таймда есеп ашылған жоқ. Осылайша, алматылық клуб кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ертең бразилиялық маман Рикардо Какаудың шәкірттері Біріккен Араб Әмірліктерінен келген «Аль Дафра» клубымен кездеседі. Айта кетелік, «Қайрат» командасы бұған дейін жергілікті «Атлантико Эрешим» клубын 4:0 және «Миср Лел Макаса» (Мысыр) клубын 6:2 есебімен жеңген болатын. Клубтық чемпионат одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар