Алматының кіреберісінде 5 автовокзал салынады
Бұл туралы ҚазАқпаратқа Алматы облысы әкімінің орынбасары Амандық Баталов 2030 жылға дейінгі Алматы қаласында агломерация орталығын қалыптастырудың ұзақмерзімді жоспарын жасау жөніндегі жұмыс тобының отырысынан кейін хабарлады.
«Алматының кіреберісінде Қалқаман, Первомайка маңында, Құлжа тасжолының бойында, Іле ауданының Қайрат және Каменка кенттерінде бес жаңа автовокзал салу жоспарлануда. Алматы мен Қапшағай қалаларының арасында жүретін электричкаларды іске қосу көзделіп отыр», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Оның айтуынша, Алматы-Талғар-Есік-Шелек, Алматы-Қаскелең-Ұзынағаш бағыттарында жеңіл релісті көлік іске қосылады. Сонымен бірге, Алматыдан Ақын Сара, Рысқұлов, Саин, Тілендиев, Абай көшелерінен, қала шекарасынан Үлкен Алматы арнасы автомобиль жолына дейін Солтүстік сақина бойы бағыттары бойынша Алматыдан шығатын жолдар жасау жоспарланып отыр.