Алматының қоғамдық көліктері тағы жаңарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа  автобустар жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жаңа қоғамдық көліктер №65 бағдар бойынша жолаушы тасымалдайтын болды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа автобустарды қарап шықты. «АвтоАлма Транс» ЖШС-і бас директорының орынбасары Қанат Нұрлыбеков ең алдымен №65 бағыт жаңа көлікке алмастырылғанын, өйткені, осы бағыт бойынша тұрғындардан көп шағым түскенін айтты.
null

«Бүгінгі күні біздің автопаркте 10 бағдар бойынша 150 көлік бар. Жыл аяғына дейін біз тағы да 44 жаңа автобус аламыз, 2018 жылдың бірінші тоқсанында жаңа автобустар санын 112-ге дейін жеткіземіз. Қазіргі уақытта жинақталған инвестициямыз 4 млрд теңге», - деді Қ.Нұрлыбеков.

Жаңа автобустарға 70 жолаушы сияды. Евро-5 экологиялық талаптарға сай «Yutong» маркалы автобустарына «ОҢАЙ» құрылғылары орнатылған.
null

Айта кетейік, Алматыда көлік реформасы және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңарту жұмыстары аяқталған жоқ. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, өткен аптада №103 бағыты бойынша төмен еденді 12 метрлік 20 автобус жолға шықты. Ол көліктерде жеті  күн ішінде  1,8 млн теңге түсіп, жолаушы легі өткен кезеңдермен салыстырғанда 3 есе өскен.

Соңғы жаңалықтар