09:40, 23 Маусым 2010 | GMT +5
Алматының Көк базарында өрт болды
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Кеше, маусымның 22-сі күні Алматының Көк базарында өрт болды.

ҚР ТЖМ-ның мәліметтеріне сәйкес, өрт 21.49-да басталып, «Д-Маркет» ЖШС-ға тиесілі үш дүңгіршектің 100 шаршы метр аумағын шарпыды. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жау ТЖМ-ның Алматы қаласы бойынша департаменті өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы күшімен жарты сағаттан кейін ауыздықталды.