Алматының көшелерін су басты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жауын жауып, көшелерді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null null
Қалада кешеден бері толассыз жауын құйып тұр.

Көшелердегі арық желілері суға толып, тротуарларды су ала бастады. Тұрғындар әлеуметтік желіде бассейнге айналған көшелердің суреттерін жариялай бастады.

Бірнеше көлік жол шетіндегі арықтарға, шұңқырларға түсіп кеткен. Атап айтқанда Төле би-Момышұлы көшелерінің қиылысында Газель жүк көлігі арыққа бір дөңгелегімен түсіп кетті.
null null 

Ул Толе би.будьте внимательны водители, арыки все полные 👆 #Алматы #Астана #Караганда #Шымкент #Туркестан #Жетысай #Сарыагаш #Актобе #Атырау #Павлодар #Тараз #Кызылорда #Семей #Кокшетау #Темиртау #Жезказган #Балхаш #Талдыкорган #Костанай #Орал #Петропавл #Оскемен #Актау

Публикация от Original @kris_p_almaty 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Ноя 6 2017 в 9:45 PST

 

 

Публикация от Original @kris_p_almaty 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Ноя 6 2017 в 10:34 PST

Абай-Жароков көшелерінің қиылысында люк қақпағы ашық тұр. Тұрғындар Алматы әкімдігіне аталған учаскеге баса мән беруді өтініп жатыр. 

null
Қаланың кейбір көшелерінде жауыннан үлкен кептелістер пайда болды.

Инстаграмдағы kris_p_almaty паблигінде Құлжа тас жолындағы бірнеше шақырымға созылған кептелістің видеосы жарияланды.
null null 
null 

Видео авторы әуежайға 3 сағат бұрын шығуға кеңес берді.

«Құлжа тас жолы. Бізде жол қозғалысын керемет реттейді. Жігіттер шығып темекі шегіп жатыр. Әуежайға баратындар 3 сағат бұрын шықсын», - деді комментаторлар.

Алматы қаласы «Метрополитен» МКК  қалың жауынға қарамастан штаттық режімде жұмыс жасап тұр.

2016 жылы толассыз жауған жауыннан жер асты стансаларын су алған еді.

«Қазір метрода ешқандай су басу болған жоқ. Стансаларды су алмас үшін арық желілерін тазалау бойынша әкімдікпен жұмыс жасап жатырмыз. Мұнда бірнеше мамандар бригадасы метроға су өтпеуін қадағалап отырады. Ол тек қана жауын суы емес, канализация жарылуы мүмкін, құбырлар тесілуі мүмкін, дренаж сулары болуы мүмкін. Оның бәрі мамандардың бақылауында», - деді «Алматыметрополитен» МКК баспасөз қызметінен.

«Қазгиромет» РМК болжамына сүйенсек, 7-9 қараша аралығында Алматыда жауын жауып, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

«Тұман мен көктайғақ қараша айына тән құбылыс. Жақын арадағы 3 тәулікте түнгі және таңғы уақыттарда тұман мен көктайғақ сақталады», - делінген болжамда.

Төтенше жағдайға байланысты қала әкімдігі түсініктеме беруге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар
telegram