Алматының қымбат автокөліктерін айдап әкетіп отырған қылмыскер құрықталды
Қылмыскер еш жерде жұмыс істемейтін, Алматы облысының 29 жастағы Виктор есімді тұрғыны. Тамыз айынан бері ол үш бірдей қымбат джипті, атап айтқанда, «Тойота Лэнд Крузер», «Лексус LX470» және «Ниссан Мурано» көліктерін ұрлаған.
«Ол көліктерді Медеу ауданында күзеті жоқ автокөлік тұрақтарынан және тұрғын үй аулаларынан ұрлап келді. Арнайы техникалық құрал арқылы көлік дабылын өшіріп, оны санаулы минутта айдап әкетіп отырды. Ұрланған машиналарды Алматы қаласының маңындағы ауылда, өз үйінің гаражына тығып, сатуға әзірлеп қойған. Үш қылмыс та тексеру шараларының бірінші күні-ақ дәлелденді. Қазір оның басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді Алматы қалалық ІІД автокөліктер қылмысын ашу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Константин Хон.
К.Хон анықтағандай, қылмыскер бұған дейін істі болған жоқ.