Алматының Наурызбай ауданында жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласына жаңадан қосылған Наурызбай ауданының Қарағайлы елді-мекенінде жаңа мешіт ашылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз және Наурызбай ауданының әкімі Қуанышбек Қалиұлы және Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысты.

ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз жаңа ашылған мешітте алғаш рет Құран аяттарын оқып, ата-баба рухына дұға бағыштады.

Ал ҚМДБ төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ауыл тұрғындарын Алла үйінің ашылуымен құттықтады.

«Мешіт - бірлік пен ізгіліктің, имандылық пен бауырмашылдықтың рухани қайнар көзі. Мешіт - кез келген адамды тіліне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмей, бастарын бір жерге тоғыстыратын рухани орталық. Өзге елден келген саясаткер де, елшілер де, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері де осы мешітке ат басын тірейтін. Кейде бұл мешіт - екі адам арасында туған дауға төрелік жасайтын, мұқтаж жандарға жәрдем берілетін көмек үйіне де айналып кетеді. Халыққа насихат, уағыз айтатын рухани орталық та осы Алланың үйі», - деді өз сөзінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сонымен қатар, Бас мүфти жаңа мешіттің бас имамы болып тағайындалған Кенжебай Әділбекұлына қасиетті Құран Кәрімді сыйға тарту етіп, алдағы қызметіне табыстар тіледі.

Жаңа мешіттің бой көтеруіне демеушілік жасаған Рахат Уданұлы келген қонақтарға өз ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар